Динара Болат:"Барлық жағдайда ұтылатын әйел"

Динара Болат:"Барлық жағдайда ұтылатын әйел"

Қазақ қыздары қызық. Феминизмді өздерің дұрыс түсінбейсіңдер. Ер адамның көпшілігі де түсінбей жүр-ау.
-Қалай дұрыс түсінбей жүрміз? Мысалы?
- Ерлермен бірге тең құқық, міндеттерді де тең бөлу дегенді білдіреді.
- Сонда біз де отбасын асырауымыз керек пе? Ертең қартайғанда Ақан Сатаев болып жүрсеңдер, рақмет! Балаларыңды өздерің асыраңдар. Ал әр әйел өз қара басын қашанда өзі асырай алады. Міне, осы әдемі тең құқық.

Өткенде әдемі қарттыққа қатысты арманымды жазған кезде &ldquoНеге арманыңыздың ішінде жолдасыңыз жоқ?&rdquo деп бірнеше адам сұрады. &ldquoОның арманы менің арманыммен тоғысқан жерінде жүреді ғой&rdquo деп жауап бердім. Өмір ғой. Не боларын кім білген? Аңғал емеспін.

Қызық...Режиссерді шешімі үшін оқырмандары жерден алып, жерге салып жатқан пікірлерін оқыдым. &ldquoКетемін!&rdquo десе, қалай &ldquoКетпейсің!&rdquo дейсің. Ер адамға, жалпы адам баласына қалай &ldquoҒашық болма!&rdquo дейсің? Адамға &ldquoсезінбе&rdquo, &ldquoойлама&rdquo, &ldquoғашық болма&rdquo деу &ldquoТыныс алма!&rdquo деумен бірдей. Қартайғанда кетіп қалу барлығына ортақ емес. Бірақ,... сабақ алуымыз керек.

Барлық жағдайда ұтылатын әйел. Жүкті болып қалды ұтылды. Зорланды ұтылды. Жүріп қойды ұтылды. Көп бала туды ұтылды. Өзін түгел отбасына арнады тағы ұтылды. Ер адамға түк болмайды. Секс символ Анджелина Джоли әлемді құтқарамын, жетімдерге қамқор боламын деп жүріп құр сүлдері қалған. Брэд Питт жүр жайқалып жас қызбен. Венсан Кассель жүр бір ермек тауып алып. Барлығы бір-бір модельді құшақтап...Қалай &ldquoСезінбе! Сүйме!&rdquo дейсің?

Ер адам ешқашан ұтылмайды. Сондықтан, біз де өз күшімізді орнымен жұмсап үйренейік. Мезгілінен бұрын қартайып, шаршап, өзімізді кейін опық жеп жылайтындай жағдайға жеткізбейік. Шаршап бара жатырсыздар ма? Қоя салыңыздар. Тұрмыспен жұтылып кетпеңіз. Бағаланбайды. Барды үйлестіріп, қиыннан келістіріп, мүмкіндігіңізше әдемі өмір сүріңіз. Жақсы адам болған жақсы. Бірақ, шаманы да білу керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста