Инста-Алаш

Динара Болат:"Бүкіл сұмдық надан еркектерден!"

  • Динара Болат:

    Динара Болат:"Бүкіл сұмдық надан еркектерден!"

Әкем мені “красавицам”, “қара көзім менің” деп өсірген. Әкем солай еркелеткен сайын айнаға жүгіріп барып, сол сөзге сеніп, одан сайын әдемі болуға тырысатын едім. Әр қыз баласы солай. Айнамен дос. Айна мен әйел баласының арасындағы нәзік байланыс. Әдемі өзіңді көріп сүйсіну, кішкентай әжіміңді көріп толғану, хош иісті әтір сеуіп қуану, жылап тұрып қызыл помаданы жағып алып мықты болуға өзіңе серт беру, жастығыңды, сұлулығыңды сақтау үшін өмір бойы косметикаға қырғын ақша жұмсау.


Бәрі бекер. Бұрынғы күйеуімен пышақталған Айнагүлдің енді айнаға қарауы мұң. Қанша қиналып жүрсе де айнаға қарап, еңсесін тіктеп қызметіне аттанатын Айнагүлдің сенімі. Айнагүлдей сұлу анасына қарап сүйсініп, әдемі болуға талпынып жүрген 10 жасар қызының үміті. Бақытты болуға тырысып жүрген ананың жігері, анасының жылы жүзімен байланысты қызының үміті, қуанышы барлығы топас әкенің пышағының жүзінде кетті. Жиіркенішті. Ұлдарға бағыт көрсете алмайтын, “қой” демейтін әкесі, көкесі, ақсақалы, ағасы, досы, тілшісі, блогері жоқ қоғам жиіркенішті.
⠀Коронавирустан елімізде бүгінге дейін 5 адам көз жұмды. Қорқынышты ма? Ал өткен жылы елімізде 400 әйел күйеуімен пышақталып, қылғындырылып, жан тапсырғанша тепкіленіп о дүниелік болды. Ауруын жасырған өледі. Әйелдің құқығы қорғалмай біз ешқашан ел болмаймыз. Әйелдің бақытсыздығымен бірге елге қанша кесел келетінін білсек: бақытсыз ұрпақ, қылмыскер, маньяк, бір жынысты қатынас, қыздардың кеш тұрмыс құруы, өзге ұлтпен отау құру және.т.б. Кейін бүкіл сұмдық қайдан демеңіздер. Бүкіл сұмдық надан еркектерден!
#Араша_Айнагүл 




Көрілген: 3071    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.04.2020, 09:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31