Инста-Алаш

Динара Болат:"Бізде билік тарапынан қызға, анаға деген құрмет төмен"

  • Динара Болат:

    Динара Болат:"Бізде билік тарапынан қызға, анаға деген құрмет төмен"

Оңтүстік Кореяда жаңа босанған келіншектерді үкімет есебінен баласымен бірге санаторияға жібереді екен. Біздегі қырық күн сол санаторияда өтеді. Нәрестені медбикелер бағады. Анасына емізуге, құшақтауға береді. Санаторияда босанған келіншек денсаулығы, психологиялық жағдайы ретке келуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Біздің қырық күнімізбен салыстырып, жыламай-ақ қояйын.

Финляндияда жаңа туылған балаға үлкен қорап ретінде сыйлық береді. Ішінде комбинезонға дейін киіммен бірге анасына бюстгалтер, әкесіне презервативке дейін бар.

Шотландияда қыз-келіншектерді ай сайын тегін прокладкалармен қамтамасыз ету туралы заңға қол қойылды. Ғажапстан!

Мұны неге жазып отырмын. Бізде билік тарапынан қызға, анаға деген құрмет төмен. Біздің қоғамдық орындарда бала мен анаға арналған бөлмелер өте аз. Аймақтарда жоқтың қасы. Ең болмағанда унитазға төсейтін төсеніш те жоқ. Жылап жатқан баласын қолына ұстап, өзі унитаздың үстіне аяғымен тұрып қиналған аналарды бірнеше рет көрдім. Қорлықты елестетіп көріңіз.

Жарайды, үкімет өскенше біраз бар. Бірақ, үйіңізде бой жетіп келе жатқан қызға, босанған келін, келіншекке жанындағы сіз бен біздің жанымыз ашуы керек.

Ұят ешнәрсесі жоқ. Ай сайын прокладкаға 3000-4000теңге қалай солай кетеді. Үйдегі қыз болсын, табысы жоқ, босанған ана болсын не үшін екенін сұрамай ақша беріп тұру керек. Жаңа босанған келіншектің мазасын алмай, жұмсамай, қонақ күттірмей жағдайын жасау керек. Бұрынғы енелер келінді босанғанға дейін де, босанғаннан кейін де күткен. Қазір қалжаны ұмытқан да шығар. Бірақ, ең болмағанда ананың мазасын алмайық. Біздің қоғамда Әйел баласына жан-жақты қолдау керек. Бір-бірімізге жанашыр болайықшы 




Көрілген: 620    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.05.2020, 10:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31