Инста-Алаш

Египетте ажырасу сирек, себебі, қалыңмал қымбат

  • Египетте ажырасу сирек, себебі, қалыңмал қымбат

    Египетте ажырасу сирек, себебі, қалыңмал қымбат

ЕГИПЕТТЕ
әскерге бару, борышты өтеу, жалпы әскери болу мәртебе. Өзге салаға қарағанда әскерилер мен полицияның жалақысы жоғары, жағдайлары жайлы. Әскери мерзім 3 жыл. Жоғарғы оқу орнын бітіргендер 2 жыл өтейді. Әскерге шақыру жасы 16-49. Дәл қазір 440 мың әскері бар. Негізінен, басым күш құрлық әскерлері (310 000) қалғаны әуе күштері мен теңіз әскері. Әр мысыр азаматына әскери салаға жұмысқа орналасу арман, себебі, жалақысы ең жоғары. Жәй контрактниктің тәулігі 40$. Егер, офицер болсаң мемлекет күніне 100$ төлейді. Теңіз қорғау мен әуе қаруларын Ресейден сатып алады. Қытайдан баллистік зымырандар, Франциядан әскери ұшақтар алынған. Көбіне АҚШ қаржыландырады. Египет әскері Орта Шығыс пен Солтүстік Африканың алып территориясын қорғауда.
#айтакетейін Мысырдан теңіз маржаны мен ұлу қабыршағын әкетуге болмайды, кеденде сөмкеңізден табылса соттайды
#айтакетейін Шармда қоғамдық көлік, такси, тіпті жеке көлік көшеде көрінбейді. Автобустан бастап бүкіл көлік жүргізушілеріне арналған “Водительдер үйі” бар, көліктер тек сол жақтағы аулада тұрады;
#айтакетейін Үйлерде жылыту батареясы жоқ. Тек кондиционермен жылиды, салқындайды
#айтакетейін ең суық кез қаңтар басында +5С болады. Жұмыс тоқтап, оқушылар сабаққа бармайды
#айтакетейін Ажырасу сирек, себебі, қалыңмал қымбат. Бала автоматты түрде анасында қалады. Әкесі 800 франк алимент төлейді. Егер, әйел басқа күйеуге тисе балалар сөзсіз әкесіне беріледі.
#айтакетейін Шармда жайлы пәтер 350 мың$, Каирде 40 000$
#айтакетейін мұғалімдер жалақысы ең аз 200-250$
#айтакетейін қара көйлек пен пәрәнжә мұнда еш мұсылмандық белгісі емес. 40-қа толған әйелдер қартайдық, енді бетімізде не ажар қалды деп қара шәлімен жүзін жапқан

Гүлмира Әбіқай

Инстаграм парақшасынан




Көрілген: 1138    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 11:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30