Танымал эстрада әншісі Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі қараша айының басында тұрмысқа шыққан. Бүгін күйеу баласы Ернар Мұсабай әлеуметтік желідегі парақшасына сәбимен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Ұлды болдым, – деп жазды Ернар Мұсабай.
instagram.com/ermanbi7
Ол бала көтеріп тұрған Динамен түскен суретін де жүктеді.
instagram.com/ermanbi7
Айта кетейік, Ернар Динаға қыркүйек айында ұсыныс жасап, қараша айында шаңырақ көтерді. Екі жақта тойды дүркіретіп жасады. Тіпті, беташардың өзі желіде қызу талқыланған.
Ернардың әкесі Еркінбек Мұсабаев ұзақ жылдар банк саласында қызмет еткен. Елімізге танымал бірнеше банкітің Қызылорда, Ақтөбе облысындағы филиалдарын басқарған.