Инста-Алаш

Екі әйел алған еркектің керемет боп жүргенін көрмеппін

  • Екі әйел алған еркектің керемет боп жүргенін көрмеппін

    Екі әйел алған еркектің керемет боп жүргенін көрмеппін

 Бір еркектің екі әйелі болыпты. Бірде ол екі әйеліне бірдей етіп қымбат жауһар тастан алқа сыйлайды да, екеуіне де: "Ешкімге айтушы болма, екіншіге әсіресе айтпа, сені бәрінен артық сүйген соң осындай қымбатын алдым" дейді.
Бірде екі әйел ренжісіп қалады да, күйеуінің қайсысын көбірек жақсы көретінін білу үшін аттандап күйеуіне келеді.
-Біз екеуміздің қайсымызды көбірек сүйесіз? Айтуыңызды сұраймыз!-дейді бірінші әйел.
-Бұларың не? Екеуіңді бірдей жақсы көрем мен!

-Бұл жауап қанағаттандырмады! Шындық керек бізге!-дейді екінші әйел!
-Жарайды онда, шындықты айтсам айтайын, екеуіңнің қайсысыңа жауһардан қымбат алқа бердім, соны көбірек жақсы көремін,-деп еркек құтылады.
Тек бір жолға құтылды, келесі жолы ше? .
Ер адамдар екі қатын алуға неге құмар екен осы? Екі қатын деген нағыз проблема ғой, миыңа трубочка тығып қойып екі жақтан сорады. Миы ашып жүргенде, жұмысы, ата-анасы, бала тәрбиесі жәйіна қалады. Қара басына солай проблема тауып алады.

Екі әйел алған еркектің керемет боп жүргенін көрмеппін. Екі жаққа далақтап өтірік айтам деп-ақ Жүректен кетеді.
Екі әйеліне де қырсыққанда үшіншісін алып алатындарды айтсаңшы.
Үшеуі үш жақтан баласын көтеріп келгенде қайда безерін білмей ботадай боздайды, себебі артқа жол жоқ.
Олай адаспас үшін не керек? Әрине еркекке ми керек.

Жанат Бақыт

instagram.com парақшасынынан 




Көрілген: 2023    Пікірлер: 0

жұма, 31.01.2020, 18:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30