Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Ең әлсіз жерім әке»: Нұрболат Абдуллин марқұм әкесін есіне алып жылап қалды

01 тамыз 2022, 14:26

Көңілім босаған сәт... Алғашқы шығармашылық кешімде Анам Әкеме сүйеніп отырғанына баладай куә боп ән салған едім. Бұл жолы Анамның өзін көргенде Әкемді жан дүниеммен іздеп кеткенім рас.

Нұрболат Абдуллин марқұм әкесіне ән арнап, көзіне жас алып қалды. Елдің жүрегін елжіреткен сәт әншінің сәуір айында жанды дауыста берген концертінде орын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Концерттің үзіндісін Нұрболат Instagram парақшасында жариялады. 

"Көңілім босаған сәт... Алғашқы шығармашылық кешімде Анам Әкеме сүйеніп отырғанына баладай куә боп ән салған едім. Бұл жолы Анамның өзін көргенде Әкемді жан дүниеммен іздеп кеткенім рас. Сағыныш кеудеге сыймай көмейімдегі үнімнің шығуына сәл кедергі болғанын келген көрерменде сезіп, әр сәт сайын қолдау білдіріп отырды. Бұл құрметтеріңізден өзімді тез жинап алуға тырыстым. Жақындарыңызды жақсы көріп үлгеріңіздер! Рахмет, Әке!" - деп жазды Абдуллин. 

Көпшілік әншімен бірге жылап, оған қолдау көрсетті. 

"Сынба, мойыма, басыңды тік ұста, Алланың көзі түзу болсын", "Ең әлсіз жерім ӘКЕ еді, жылаттың-ау, талантты інім", "Көңілім қатты босап кетті. Әкелеріміз аман болсын. Анаңыз аман болсын", - деп жазды желі қолданушылары.