"ЕНПФ ақшасынан алынған ең үлкен сома - 162 400 000 теңге": Ал иесінің айлығы қанша?

23 желтоқсан 2021, 15:21

Бұл туралы блогер Дәуле Мұқаев Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"162 400 000 теңге! ЕНПФ-дан алынған ең үлкен ақша. Бұл адамның айлығы қанша екен? Сіз ЕНПФ-тан ақша алдыңыз? Мен 0 теңге", - деп жазды Дәулет Мұқаев.

Көпшілік оқырмандар мұндай ақша алған адамның айлығы неше теңге болуы мүмкін екенін болжады.

Желі оқырмандары "Біздің елдегі заң тек бай адамдарға арналған", "Өздері алып алу үшін шыққан заң", "Ол адам туылғаннан бастап миллион айлықпен жұмыс істеген шығар", - деп пікір білдірді.
kaz.caravan.kz