Инста-Алаш

Ерекше егіздер көпшілікті таңғалдырды

  • Ерекше егіздер көпшілікті таңғалдырды

    Ерекше егіздер көпшілікті таңғалдырды

 Нигерияның 31 жастағы тұрғынын егіз баласының терісінің түсі әртүрлі болғаны таңғалдырған. Осындай табиғаттың ерекше құбылысы туралы KAZ.NUR.KZ. порталы жазды.

Ағайынды Дэниел мен Дэвид бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келсе де, олар үлкен қара көздерінен басқа ешқай жері бір-біріне ұқсамайды. 

Ата-аналардың екеуі де, Стейси және Бабажиде қара нәсілді, бірақ сәбилердің бірі альбинос болып туған. Ерекше егіздер көшеде көрген халықтың жанарын жаулап, тәнті етеді. Дэниелдің терісі бес жасар әпкесі Дэмиланікі секілді қара түсті және қара бұйра шаштары бар, ал Дэвидтің терісі ақ түсті және алтын түстес бұйра шаштары бар. 

Табиғаттағы осындай ерекше құбылысты әлеуметтік желіде көрсетуге шешім қабылдаған әйел Instagram парақша ашып, бүгінде аккаунтқа 18 мыңнан аса адам жазылған. "Жүктілік кезіндегі егіздердің айырмашылықтары туралы білмедік. Сондықтан Дэниел қара шашты, ал Дэвид алтын түстес шашпен дүниеге келгені мен үшін үлкен тосынсый болды. Дәрігерлер маған: "егіздер бір-біріне мүлде ұқсамайды" деп айтты", – дейді үш баланың анасы Стейси. 

Альбинизм – ағзадағы пигменттер жүйесінің ауруы. Дәлірек айтсақ, альбинизм – пигменттің жоқ болуы. Альбинизм құбылысы Ежелгі Рим мен Грекия жазбаларынан бері көрсетіліп келеді. Альбиностарды тану қиын емес: Ақ шаш, бозарған ақ тері, мөлдір кірпіктер. Еуропа ғалымдарының зерттеулері бойынша, 20 мың адамның бірі ғана "таза қанды" альбинос болады. Олардың терісі ақ, шаштары ақшыл, көздері қызыл келеді. Ал Нигерияда 3000 баланың бірі таза альбинос болады екен. 

Нигериядағы альбиностардың саны әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Елде екі миллионнан астам альбиностар өмір сүреді деген болжам бар. Басқа статистикалық мәліметтерге сәйкес, 600 000-нан астам нигериялық альбиносты өз отбасы, сыныптастары және құрдастары келеке етіп, ортадан шеттетеді екен. 

Айта кетейік бұған дейін бір көзі көк, бір көзі ашық қоңыр түсті 11 жастағы шешенстандық қыз жайлы жазған едік. 

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 647    Пікірлер: 0

сенбі, 23.05.2020, 14:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31