Ерке Есмахан тоқал туралы ойын айтты

24 қараша 2022, 12:01

Ұзын құлақтарға сенсек, қазір Ерке Есмахан өз сүйіктісін тапқан. Мұны әншінің өзі де жасырмайды. Бірақ әзірге Ерке өзінің өмірлік серігін жұртқа көрсетуге асықпайтын секілді.

Жақында әнші Ерке Есмахан өзінің тұрмысқа шығуға дайын екенін жазған болатын. Ол өзінің әлеуеттік желідегі оқырмандарынан тойды дүркіретіп жасағанымыз дұрыс па әлде шағын ортада, ешкімге жар салмай жасаған дұрыс па деп ойларын білген еді. Үнемі оқырмандарымен ой бөлісіп отыратын әншіге бұл жолы бір оқырманы ерекше сұрақ қойды. «Егер күйеуіңіз үйге екінші әйел, яғни тоқалды әкелем десе не істейсіз» деп сұрады.

«Менің жанымдағы жарымның тоқал туралы ойлауға мұршасы болмайды» деп жауап берді әнші.  

Алаш айнасы