Инста-Алаш

Еркекке үйленген Мирболат Кунбаевты жақтаған журналистің өзі сынға ұшырады

  • Еркекке үйленген Мирболат Кунбаевты жақтаған журналистің өзі сынға ұшырады

    Еркекке үйленген Мирболат Кунбаевты жақтаған журналистің өзі сынға ұшырады

Таяуда қазақстандық медиамагнат Мирболат Кунбаевтың ұлы Айдар Кунбаев Рафаэль Кастро де Мескита деген еркекпен үйлену тойын өткізген еді. Сол сәтте жасалған видеороликтің БАҚ біткеннің бәрін кезіп кеткені соншалық, осы күні ол көп талқысында әлі жүр.


Соған қатысты айбат пен ғайбатқа ашынған журналист Айнұр Күзербаева facebook парақшасында Мирболат әріптесі мен оның еркекке тиген (бәлкім, еркекті алған) ұлын жақтап пост жазды.


Қысқартып алсақ, «Ол жігіттің әкесі, «медиамагнат» деп жатқан кісі бастығым болған кезінде. Ұлын қасынан қалдырмайтын, реті келсе. Баласы шетелде оқыды. Оқуынан келгенде әкесімен еріп, біздің ортамызға да келетін. Тәрбиелі, қарапайым жігіт» деп бағалаған Айнұр, одан әрі «кезіндегі бастығы» мен оның әйелін мақтай жөнеледі. Адамдығын, адалдығын айтып.


Сосын «Екеуінің алдында бас идім. Олар баласын бар болмысымен қабылдады. Жан дегенде жалғыз баласының таңдауын түсінуге тырысты. Енді не істеуі керек еді? Өзгешесің деп өзектен тебе ме? Кеше видеосын көріп, әке мен шешенің бала бақыты үшін тәуекелге барғанын түсіндім», - деп «тізгін тартқан».


Әрине, бұндай ақтауға қарап отыратын жұрт қайда, негізінен журналистің баласы туралы жазған журналистке журналистер жабыла кетті. Жолымбет Мәкіш: «Баласының басы қақпайды! Әкесін жерге қаратқанша, өлгені артық еді», - десе, Дастан Кенжалин: «Бұларда өзі ағайын, туыс, ру, ел деген түсінік жоқ. Олар «әлемдік деңгейде ойлайтын толерантты, космополит» адамдар болып тұр ғой» деп жазды.


Ал Айткүл Шалғынбаева: «Қалай болғанда да әке мен ана тәрбиеден жаңылысты-ау. Жария той жасамаса болар ма еді... Айтуға оңай. Не істейді енді, өз қолын өзі кесе ме? Алла сақтасын одайдан дейік. Әркімді Құдай аясын», - деп күрсініп отыр.


Осы орайда, Гауһар Жолмаханбет жазба авторына қарата: «Әке -шешесі қабылдаса, біз де қабылдауымыз керек пе?» - деп ренжісе, Балқыбек Жұмаділ де: «Оның несіне қысылып жүрсің айдалада, анасының өзі жарияға жар салып, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап «ұзатып» жатса?!», - деді. Оларды Нұреке Топжардың «Қанша жерден сіз түсінуге тырыссаңыз да, ақтауға тұрмайтын дүние» деген пікірі де қуаттай түседі.


Ерік ЕЛЕУСІЗ 




Көрілген: 4965    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.12.2019, 12:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31