Инста-Алаш

Ерлан Жұрынбаев:"Заңда "әрекет қабілеттілігі жоқ болса некеге тұруға болмайды" деген жерін басқаша түсініп алған екен"

  • Ерлан Жұрынбаев:

    Ерлан Жұрынбаев:"Заңда "әрекет қабілеттілігі жоқ болса некеге тұруға болмайды" деген жерін басқаша түсініп алған екен"

Бір қызық айтып берейін)

Кеше "Студенттер күні" мерекесінде, бұрынғы бір студентім хабарласып, есіме салды. "Есімізге түссе. әлі күлеміз" дейді.

Бұрын студенттерге сабақ беріп жүрген кез болатын. Бір күні жақсы оқитын студенттердің аудиториясына кіріп "Неке және отбасы" тақырыбынан дәріс оқып жатырмын.

- Заң бойынша некеге тұруға рұқсат етпейтін мән-жайларды білесіздер ме, кәне, кім айтады?
- Неке жасына толмаса.
- Дұрыс, тағы?
-Екеуінің біреуі бұрын басқа некедегі әйелі немесе күйеуі болса болмайды, міндетті түрде ажырасып барып некеге тұруы керек және тікелей ата-тегі бойынша жақын туыстардың, әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің балалары арасында болмайды.
-Өте жақсы, тағы кімдердің арасында некеге тұруға болмайды?
- Асырап алушылар мен асырап алғандардың, және бір жыныстағылар болмайды (еркек пен еркек, әйел мен әйел) .
- Жарайсыз! Тағы кім айтады?
Бір студент тұрды да "жігіт пен қыз төсекте жата алмайтын болса" деді. Аудитория тып-тыныш. Ішімнен дұрыс естімей қалған шығармын дедім де, "қалай деп айттыңыз?" деп қайта сұрадым. "Иә, ағай, жігіт пен қыз жыныстық қатынасқа түсуге қабілеті жоқ болса некеге тұруға болмайды" деді. "Оны кім айтты?" деп шошып кеттім. Бәрі хормен "міне заңда жазылып тұр ғой" деді.

Сөйтсем, заңда "әрекет қабілеттілігі жоқ болса некеге тұруға болмайды" деген жерін басқаша түсініп алған екен.)))

P.S. Бұл, ескі заң болатын. Кейін 2011 жылғы 26 желтоқсанда "Неке және отбасы туралы кодексі" шығып, "Екеуінің біреуі психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында некеге тұруға жол берілмейді" деп түсініктірек жазылды.




Көрілген: 818    Пікірлер: 0

жұма, 20.11.2020, 13:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31