Инста-Алаш

«Ештеңе болмайды, өзіміз жауап береміз» деп жұртты тойхана иелерінің өздері азғырып отыр»

  • «Ештеңе болмайды, өзіміз жауап береміз» деп жұртты тойхана иелерінің өздері азғырып отыр»

    «Ештеңе болмайды, өзіміз жауап береміз» деп жұртты тойхана иелерінің өздері азғырып отыр»

Той істеген қауымнан бөлек, тойхана иелерін тырп еткізбеу керек. 

Бүгінде карантинге қарамастан жұрттан тығылып той жасайтындардың қарасы азаймай тұр. Тәртіп сақшылары мен СЭС мамандары қанша жерден аңдып бақса да жұрт үйреншікті дағдысынан арыла алмай өз қуаныштарымен бөлісіп жатыр. Бұған әрине, жергілікті әкімшілік  халықты кіналаса, ал халық керісінше «тәртіп орната алмадыңдар» деп билікті айыптаумен келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алайда кейбір сарапшылар бұған халық пен еш кінәсі жоқ екенін айтады. Карантин кезіндегі бассыздықтардың барлығына адамның өмірінен өздерінің қалтасын ойлайтын кәсіпкерлер, нақты айтар болсақ, тойхана иелері кінәлі болып отыр. Күресті алдымен солардан бастау керек, дейді журналист Оралхан Дәуіт. 

«Карантин кезінде тойдың тоқтамай тұруына ең алдымен тойхана иелері кінәлі. Егер олар ешқандай тапсырыс қабылдамаса, той істеушілерді жолатпаса, ешкім тойханаға басып кіріп, той жасамайтыны анық. Яғни, «ештеңе болмайды, өзіміз жауап береміз» деп той жасаушыларды қайта тойхана иелері азғырып отыр. Әйтпесе, кез-келген қуаныш иесі қазір талаптың қатал екенін біліп, үлкен дастархан жаюға жүрексінеді. Сол күпті болып тұрған көңілді тойхана иелері тарқатып жібереді ғой. Сондықтан бұлақты басынан тұндырып, той істеген қауымнан бөлек, тойхана иелерін тырп еткізбеу керек. Бұл өз ойым...», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар, журналист бұл жазбасында халыққа той мәселесі ғана емес несие жыры да оңай тимей отырғанын жазған.

«Бүгін Ұлттық кеңесте Ләззат Қожахметова мынандай ой айтты. Елімізде 13 млн-нан астам адам несие алған. Әрине, төлей алмайтын болсаң, несиені неге аласың деп адамдарды кінәлау оңай. Бірақ, кейбір банктер мүлдем жұмыс істемейтін, табысы жоқ адамдарға да жоғары пайызбен несие беріп жіберген. Енді несие төлей алмағандықтан олардың ісімен сот, коллекторлық компаниялар айналысып, қарыздың пайызын тіптен еселеп жатыр. Яғни, бұл жерде де адамдарды банктердің өздері емексітіп, қарыз алуға мәжбүр етіп отыр.

Шамасына қарамай қарыз ала беретіндер көп қой қазір. Оларға осындай банктер қолайлы болып тұр. Екі ортада делдал болып қаншама адамдар ақша жеп, әлеуметтің көңіл толмаушылығын туғызуда.

Ұлттық кеңесте айтылған осы ой ұнады...», - деп атап өткен жазба авторы.




Көрілген: 1746    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 16:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30