Инста-Алаш

"Есімін анам берді": Тәуекел Мүсілім ұлын перзентханадан шығарды (видео)

  • "Есімін анам берді": Тәуекел Мүсілім ұлын перзентханадан шығарды (видео)

Әлеуметтік желілерде Тәуекел Мүсілімнің ұлын перзентханадан шығарып алған сәтінен видео тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы. 

Instagram желісінің qaz.stars парақшасында отандық танымал актер Тәуекел Мүсілімнің тұңғышын перзентханадан шығарып алу сәтінен видео жария болды. "Тәуекел Мүсілім ұлын перзентханадан шығарды. Сабыр Айтөре Тәуекелұлының бауы берік болсын. Бойдақ жүрген ұл-қыздарымыз тезірек отбасылы болып, осындай керемет бақыт бұйырсын", - деп жазған желі парақшасының авторы. Видеода Тәуекел сәбиіне есімді кім бергенін айтып, ағынан жарылды. "Көптен күткен сәт. Анам үшін, жалпы Махаббат екеуіміз үшін де. Қуаныштымыз, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, шүкір. Біраз ұсыныс болды. Әмір, Бейбарыс деп қойғымыз келді. Мама кішкене ескілеу деп, басқасын көрейік деп, сонымен Айтөре деп айтып қалды, маған да ұнады. Достарымнан, таныстарымнан сұрасам, күшті есім деді. Содан Айтөре деп қалдырдық", - деп қуанышымен бөлісті Тәуекел видеода.

Еске салсақ, Тәуекел Мүсілімнің ұлды болғаны туралы қуанышты жаңалықты оның жақын достары Instagram желісінде жарыса хабарлаған еді. Отандық тележүргізуші әрі актер Олжас Әлжанов Stories бөлімінде қалың көпшіліктен сүйінші сұрап, өнердегі бауырының қуанышымен асыға бөліскен. "Сүйінші қазақ еліне +1 палуан. МашАллах, қасиетті жұма күні" , - деп жазған еді ол. 

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 1961    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 23:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31