«Ет қымбаттады, енді веган боламыз ба?»: Ерке Есмахан елдегі қымбатшылық туралы айтты

25 қазан 2021, 11:11

Танымал қазақ әншісі Ерке Есмахан желідегі оқырмандарына әзіл-шыны аралас жазбаларын жиі жариялап отырады. Эстрада әншісі Instagram-дағы кезекті постында елдегі қымбатшылық мәселесін сөз етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші желідегі оқырмандарына супермаркеттердің бірінде азық-түлік сатып алып жүрген видеосын жариялаған.

Видео астына ол: "Ет қымбаттап жатыр екен, енді шөп-шалаң жеп, веган боламыз ба?! Иттерді де жеуге тыйым салып тастады", - деп қымбатшылық мәселесін астарлы әзілмен қозғаған.

Оның бұл жазбасына желідегі оқырмандар да жарыса пікір білдіріп, азық-түліктің қымбаттап жатқанына күйінді.

"Сәбізден котлет, қызылшадан котлет жейміз буға пісірілген", "Сәбіз де қымбат қой", "Қымбаттағанда айтпа, не жейтінімізді білмей қалдық қой", "Ерке де үнемдегеніне қарағанда мықты қымбаттайын деп тұр-ау", "Сізге ет алу сөз емес қой", - деп жазды олар. 

KAZ.NUR.KZ.