Етектерін көтеріп билеген Жанар Айжанова мен Айгүл Иманбаева сынға ұшырады

23 маусым 2022, 20:04

Қос әнші думанды кеште жүр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Тойда ерсі би билеген белгілі әншілер Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанова желіде қызу талқыланып жатыр.

 

Елдің талқысына түскен видео Instagram-дағы Aigul_imanbayeva_official парақшасында жүктелді.

 

Онда Айгүл мен Жанар біз өкшелірін жан-жаққа лақтырып тастап, дарақы би билеп жүр. Шетел әніне елірген әншілер тіпті айналасындағы адамдарға көңіл аудармайды. Бір кезде өнер иелері ұзын көйлектерінің етектерін көтеріп алып, ары қарай бидің түбін түсіреді.

 

 

Бұны көрген желі қолданушылары Айгүл мен Жанардың биін дарақылыққа, мәдениетсіздікке балады.

 

"Құтырған қатындар". "Етектерін көтеріп алыпты, балаларынан ұялмай ма?". "Жанардың биі енді ерсі көрінеді". "Қартайғанда мыналарға не болды?", — деп жазды желі қолданушылары.