Инста-Алаш

Француз қызы денесіне Димаш Құдайбергеннің суреті мен Қазақстанның туын салдырып алған (фото)

  • Француз қызы денесіне Димаш Құдайбергеннің суреті мен Қазақстанның туын салдырып алған (фото)

    Француз қызы денесіне Димаш Құдайбергеннің суреті мен Қазақстанның туын салдырып алған (фото)

Франциялық ару денесіне Димаш Құдайберген мен Қазақстанның туы бейнеленген тату салдырған. 35 жастағы Рози алғаш рет қазақстандық әншіні ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріндегі гала-концертте көрген.Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігі хабарлайды.


"Бұл 2017 жылдың 7 қазан күні болатын. Мен Димашты тыңдаған кезде "Бұл мүмкін емес" деп ойладым. Ол ән айтқанда, мен өзімді көкте қалықтап жүргендей сезіндім", - дейді келіншек.

Рози алғашқы татуын 2018 жылдың наурыз айында салдырған. Ол өзінің жігіті қызғанбас үшін Димаштың есімін кирилл әліпбиімен жазып қойған екен.



"Ол не жазылғанын түсінбейді", - дейді француз бикеші.

Артынша мамыр айында Рози қазақстандық орындаушымен кездесу үшін Каннға барған.



Сол кезде ол денесіне тағы да сурет салдыруды ойлаған. Осылайша, шілде айында француз аруы санына Қазақстанның туы мен орындаушының қолтаңбасы, сондай-ақ, қазақ тіліндегі "жаным сол" сөзі жазылған тату салдырғанын айтады. Өйткені, Рози бұл сөздің аудармасы қандай мағына беретінін білетін көрінеді.



"Менің Димашқа деген сезіміме сөз жоқ. Ол менің өмірімді қатты өзгертті. Сол себепті, оны қатты жақсы көремін. Ол менің жанымды аман алып қалған. Оны кездестірмей тұрып, өмірімде алға қойған мақсатым болмаған еді. Ал қазір жанкүйерлердің арасында көп достар таптым және әлем аралауға деген қызығушылығым артып кетті. Димаш пен оның жанкүйерлері менің өмірімнің бір бөлігіне айналды", - дейді Рози.



Tengrinews.kz




Көрілген: 3334    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.12.2018, 21:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30