Гүлмира Қарасай:"Ажырасу процессін қиындату керек"

02 қараша 2020, 12:55

Ажыраспа деп айқайлағаннан пайда жоқ, ажырасу процессін қиындату керек. Қалай қиындатамыз?

Ажырасуға мораторий қою керек яғни шектеу. Мысал ретінде үйленген соң 5 жыл бойы ажырасуға болмайды немесе 2023 жылға дейін ажырасуға арыз беруді тоқтату мораторий аяқталғанға дейін ажыраспай жүріп татуласып кетеді деген үміт бар

 Жас отбасылар орталығын құрып, жастарды отбасын құруға дайындау қажет. Әйтпесе қазіргі жастар отбасының қадірін түсінбей, асығыс шешім қабылдайды. Ажырасуға арыз бергенде төленетін мемлекеттік бажды 100 АЕКке дейін көбейту керек ақшасы жетпей арыз бермей жүре береді деген үміт бар
Қазір бұл іске мемлекеттік баж - 0,3 АЕК = 833,40 теңге. Бажды 100 АЕКке көтерсе - 277 800 теңгені құрайды

Жеке сот орындаушылар осылайша ажырасудың, сәйкесінше алимент істерінің көлемі азаяды деген үмітте

Қалай ойлайсыз, бұл шаралар әйелдердің өмірін жақсартады ма, әлде шарасыздықтан көнуге мәжбүрлейді ме...?