Инста-Алаш

Гүлмира Қарасай:"ажырасуды азайтамыз десек, елімізге әйелдерді қорғау туралы заң керек"

  • Гүлмира Қарасай:

    Гүлмира Қарасай:"ажырасуды азайтамыз десек, елімізге әйелдерді қорғау туралы заң керек"

"Өзімнің де обалым жоқ"
"Бьет - значит любит"...
Осы іспеттес #алдамшы сөздермен қол көтеретін жігітін, күйеуін ақтап, бәріне өзін кінәлайтын әйелдерді көрсем, аяймын...

Бір-ақ рет берілетін өмірде, жасың 25-30 ға келіп біреуден таяқ жеп, үнемі үрей, қорқынышпен өмір сүруден артық қандай қорлық болуы мүмкін?

Сонша таяқ жеп психологиялық тұрғыда өзіне деген сый-құрметі қалмаған, дәрменсіз күйде "көніп" жүрген әйелдерді қорғайтын заң да жоқ

Егер зорлық-зомбылықты тоқтатамыз, ажырасуды азайтамыз десек, елімізге #әйелдердіқорғаутуралызаңкерек

Мұндай заң рухани дамыған мемлекеттерде қабылданған.

Қарапайым өзбек елін алайықшы. Былтыр "Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау туралы" заң қабылдады. Заңда психологиялық қорлау, дене бітімін зорлау, экономикалық яғни ақшалай тығырыққа тіреу... бәрі қарастырылған. Басты бетін келесі суретке салдым

Құрама штаттардың заңы өте жоғары дәрежеде. Онда тіпті жәбірленуші полицияға берген арызын кері қайтарып алса да, істі тоқтатпай, кінәлі адамды 24 сағат ішінде жазаға тартады. Ең жақсысы әйелді ұрып-соққан еркекті алты ай бойы мәжбүрлі түрде "емдейді" яғни "қайта тәрбиелейді"

Ал біздің заңдарда кез-келген адамды ұрғаны үшін - қамауға алады, ал "әйелін, бұрынғы әйелін, қызын, келінін яғни туыстық қатынасы бар әйелді" ұрғаны үшін - жәй ғана "ауызша ескерту" жасайды

Өткен жылы әйелге қол көтеру жөнінде мыңдаған іс қозғалғанын (қозғалмағандары қаншама) ескеріп, қазақ қыздарының бірінің белі сынып, бірінің басы жарылып, өмірінің соңында психушкадан бір-ақ шықпасын десек, балаларымыз үшін "дені мен жаны сау" Ананы сақтап қалғымыз келсе, біздің елде де #ӘйелдіЗорлықЗомбылықтанҚорғауТуралыЗаң қабылдау керек. Келісесіз бе?

P.s.: Бұл постты түсіну үшін еркегің де, әйелің де бір апта бойы күнде "біреуден" таяқ жеп көзің көгеріп, басың ісіп, қолың сынып жатқанын көз алдыңа елестетіп көру керек... Одан соң #ақылды пікір жазыңдарш
1 дн. 




Көрілген: 712    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 09:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30