Инста-Алаш

Гүлзира Айдарбекова Қайратты "мамасының баласы" деп мазақ қылатындарға жауап берді

  • Гүлзира Айдарбекова Қайратты

    Гүлзира Айдарбекова Қайратты "мамасының баласы" деп мазақ қылатындарға жауап берді

Мамасының баласы! Иә, 17 жасынан сахнаға шыққан Қайрат Нұртасқа бұл сөз сан мәрте айтылды. Анасы - продюсері болып қасында жүргендіктен, талай сынға іліккен хитмен ешкімнің сөзіне мән бермей келеді. Қолынан келгенше, анасына құрмет көрсетуге тырысады. Оған Гүлзира ханым да дән риза. Айдарбекова баласына сын айтқыш тыңдарман қауымға жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Елін-жерін, отанын сүю ер азамат үшін бірінші болып анасын құрметтеуден басталады. Анасын құрметтей алмаған адамда қайдан мейірім болсын. Мен тек Қайраттың анасы емес продюсерімін, соны біле тұра “Мамасының баласы” деп қаншама жылдар мысқылмен тиісіп келгендер аз болған жоқ. Балам осындай сөздерден жауыр болған шығар, намыстанбасын деп, өзімді алшақ ұстауға да тырыстым, көп жерлерге бірге шақырылсақ та, сен барып келе бер деп қала салатын кездерім де болды", - деп жазды Гүлзира Үсенқызы Instagram-дағы парақшасында.

Продюсер ұлы сахнаға алғаш шыққан жылдары қасынан бір елі ажырамағанын айтады. Өйткені өмірде тәжірибесі жоқ балам елге сеніп, алданып қала ма деп қорықтым, дейді. Ұлының өнердегі болашағына алаңдаған Гүлзира Үсенқызы, тіпті ұсақ-түйек жұмыстарды бір өзі атқарғанын еске алды. 

 "Тіптен ақшасын алғанымен жұлып тастапты, қыздар ұрлап кетіпті деп айта берген соң, көшеге түн жарымда ешкімге көрінбей шығып афишаларын да өзім жабыстыратынмын. Естеріңізде болса, жыл сайын 25-ші ақпан Республика сарайында туған күнін халықпен тойласын деп концертін жасайтынмын.

Қыс мезгілі болғандықтан аяздан афишалар не скотчпен не клеймен жабыспай, саусақтарым үсіп қалған кездерім де болған. Бірақ мені аяп жүректері ауырмасын деп не күйеуіме, не балама айтпайтынмын. Ана мен бала арасындағы құрмет кейбіреулерге ұнамай, қаншама жағымсыз сөздер айтылып, жазылып жатса да, ұлыма риза болғаным, керісінше: Менің анам деп жүрегі толы мақтанышпен, анаға деген құрметін жастарға паш етуден, үлгі болудан жалыққан жоқ. Кім не десе де ешбір бала анасын, аналар өз баласын жоғалтпасын!" - деп түйіндеді сөзін ол.

Stan.kz




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 14:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31