“Халықтың үрей-қорқынышын телефонның бергі бетінен көріп ояндым” - Жұлдыз Әбдікәрімова

25 ақпан 2022, 16:42

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Украина елінде болып жатқан жағдай жайлы өз ойын айтты.

 

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

 

"Бір әлем. Бір заман. Бір ниет. Тыныштық.

Көз алдында анасының маңдайына оқ тиіп, қара жамылған қыздың жанайқайын, таңын жылы төсекте емес метроның тас еденінде қарсы алған елдің уайымын, демалысқа емес соғысқа бара жатып қызымен қимастықпен қоштасқан әкенің көз жасын, түнгі қаланың үстінен көтеріле жарқ-жұрқ еткен от шашудың емес, оқ шашудың куәсі болған халықтың үрей-қорқынышын телефонның бергі бетінен көріп ояндым….

Ұрпағымыз соғыстың сұмдығын көрмеуін, әлемнің ешбір халқы зардабын шекпеуін, енді мүлде соғыстың болмауын тілейміз", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.