Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Хайп жасайтындарды жек көремін»: Айсәуле Бақытбек әкесінің босап шығуына қатысты пікір білдірді

29 шілде 2022, 12:41

Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевтың бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді. Ол мұндай жағдайдан хайп жасайтын адамдарды жек көретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кеше Бақытбек Есентаев түрмеден босап шықты. Ол 2016 жылы 9 жылға сотталып, мерзімінің үштен екі бөлігін өтеген соң, сотқа арыз берді. Сот оның тәртібі мен бұрынғы әйелінің өтінішін ескеріп, босату туралы өтінішті мақұлдады. Есентаевты қарындасы мен дос-жарандары күтіп алды. 

Алайда қыздары айтулы күні бой көрсетпеді. Айсәуле Бақытбек шетелде демалып жатқан еді. Instagram оқырмандары Айсәулені әкесінің босап шығуымен құттықтап, оны қарсы алуға неге бармағанын сұрады.

«Әкең босап шықты, құттықтаймын», «Сіз бір кездері әкеңізді зәулім үйде қыздары болып қарсы алуға тырысамыз деп едіңіз. Ал енді қарсы алуға да бармадыңыз», - деді олар. 

Ал енді бір оқырман Айсәулені «тіпті пост салмадыңыз» деп айыптады.

«Не үшін жазайын? Бейтаныс әрі бөтен адамдардың қызығушылығын басу үшін бе? Әлде сіз «о, бұл сондай жақсы қыз» деп ойлап, менің өмірімнің мінсіз емес екеніне рахаттансын деп пе? Әлде не үшін?

Осындай нәрседен хайп жасайтын адамдарды жек көремін. Құдай ондай болудан сақтасын, рахмет, дүңгіршек жабық», - деп мәлімдеді Айсәуле.

Stan.kz