«Хэйтерлер жамандап отыра беріңдер»: Жансая Әбдімәлік өзінен 11 жас үлкен адамға күйеуге шықты деп сөккендерге жауап берді

03 мамыр 2023, 14:52

Танымал шахматшы, жақында ғана тұрмысқа шыққан Жансая Әбдумәлік күйеуімен қалай танысқанын айтып, өзін сөккен адамдарға жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz.

Шахматшының айтуынша оны болашақ күйеуімен ортақ достары таныстырған. Сонымен бірге ол тұрмысқа шыққан соң, шахматты тастайды деген қауесетке де жауап берді.

«Тастамаймын, тастау туралы ойым да жоқ. Хейтерлер жамандап отыра беріңдер» деп жазды ол.

Шахматшының айтуынша өзінен көп жас адамға тұрмысқа шығуына оған үйдегілері қарсы болмаған. Керісінше ата-анасы қолдау көрсеткен, дейді ол.

Естеріңізде болса, өткен аптада Жансая Әбдімәлік желіде тойдағы суреттерімен бөліскен еді. Шахматшы бойжеткен 34 жастағы, өзінен 11 жас үлкен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевпен отау құрған болатын.

Caravan.kz.