Инста-Алаш

Иманигүл:"хлор мен тряпкамды ұстап, арттарында қала бердім..."

  • Иманигүл:

    Иманигүл:"хлор мен тряпкамды ұстап, арттарында қала бердім..."

 Осыдан 1-2 күн бұрын баспалдақтан құлап, аяғымды қайырып алғанымды айтып едім ғой. Емханаға баруға да, үйге жедел жәрдем шақыруға да қорықтым, шыны керек. Олар күніне қаншама адаммен байланысады емес пе?

Сөйтіп, бұл істе тәжірибесі бар ғой деп, анам, апаларымнан кеңес сұрап едім, "ойбай, дәрігерге көрсет" деп, үрейлендіріп қойды.

Содан интернет ақтардым. Сөйтсем, карантинге байланысты 1430.kz деген сайт ашылыпты. Ол жерде әр саланың дәрігерлері онлайн консультация береді, ақылысы да бар, ақысызы да бар. Сайтқа тіркеліп, дәрігер таңдайсыз да, өзіңіз туралы айтасыз. Дәрігер қажет болса, видео-званокпен ем-дом береді екен. Өкінішке қарай, ол жерде травматолог жоқ боп шықты

Емханаға соғып едім, олар "трав пункке барыңыз әуелі, 103-ке соғыңыз" деді. 103-ке соғып, "Қандай трав пункке баруым керек?" деп едім, олар маған жедел жәрдем жіберді ғой. Содан балаларды бір бөлмеге тықтым. Өзім маска киіп алсам ба деп ойладым, бірақ кимедім. 

Сөйтіп, көп ұзамай мен күткендей маска, перчаткамен емес, әдеттегідей екі фельдшер кіріп келді. Аяғымды олай да, бұлай да қарады да, ауруханаға алып кететін болды. Бірақ "отказ" жазып бердім. Ауруды басатын уколын салып бола бергенде, "Неге маскасыз жүрсіздер?" дедім. Еңкейген күйі 10 секунд тұрып қалды ғой. Шамасы, күтпеді ондай сұрақ. "Не болды?" деп күлгендей кейіп танытты, сол еңкейген күйі. "Қазір елде карантин емес пе? Коронавирус" деп едім, "Қорқатын ештеңесі жоқ" деді де, заттарын тарс-тұрс жинақтап, шығып кетті. Шынымды айтайын, не дерімді білмей, хлор мен тряпкамды ұстап, арттарында қала бердім...

инстаграмдағы парақшасынан




Көрілген: 1069    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 09:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31