Инста-Алаш

Индира Расылхан күйеуімен қайта қосылды

  • Индира Расылхан күйеуімен қайта қосылды

    Индира Расылхан күйеуімен қайта қосылды

 Белгілі әнші Индира Расылхан осыдан біраз уақыт бұрын күйеуімен бөлек тұрып жатқанын ашық айтқан еді. Жарымен дәм-тұзы жараспай жүрген әнші осы жағдайдан кейін күйзеліске түскенін мойындаған болатын, тіпті оның денсаулығы да сыр бергенінен де көпшілік хабардар. 


Енді міне, әншінің өміріндегі мұңды күндер артта қалып, Индира ханым жаңбырдан кейінгі жарықыраған күндей болып, әлеуметтік желідегі оқырмандарына өз өміріндегі жақсы жаңалығымен бөлісті. Ол енді жалғыз емес, жан жары қасында. Бұл туралы әнші өзінің instagram. парақшасына бфлай деп жазды: 


"Бұл пост мен үшін маңызды әрі ерекше.

Айтарым өте көп, бірақ түйіні біреу ғана. Әйелдің бақыты мен байлығы отбасында деп көп естідік, білеміз де,бірақ шыдам жетпей кететін кезде, қолды бір сілтеп, теріс бұрылып кететініміз де рас. Өздеріңіз өз аузыманан естігендеріңіз, соңғы 1,5 жылда отағасымен бірге еместігім еді.

Екеуміз екі жаққа кеткендегі мен үшін ең ауыр тигендігі, 15 жыл уақытымның босқа өткендігі деген ойдың мазалауы еді. Жолдасыммен өткен 15 жыл уақытымды, мен неге басқаша өмір сүрмедім деген ой мені күннен күнге қажытқаны өтірік емес. Деперссия, жылау, өкініш, басты тасқа соғу және т.б. Депрессияның көкесін бастан өткіздім. 8 ай бойына мен ешнәрсе жасамадым десем де болады. Күніге таңым атып, күнім батып жатты. Бала- шағамен әкелерінің хабарласып жатқанын да біліп жүрмін ғой, бірақ қу көкірек жібермей, оған көрсетпеудің амалымен сөйлеспеймін деген шешім болды. Арада ұрыс-керіс болмаған соң, сөйлеспеудің де амалы жоқ екен. Арамызда достық орнағандай сезімде болып жүрдім. Сонымен не керек, не үшін бөлек кеттік, не үшін олай болды, сол сәтте мені қызықтырмады да. Себебі менікі өзім үшін дұрыс еді.

Алматыға барған сайын маманың (енемнің) үйіне барып, халін біліп тұрдым. Ол кісі де әйел адам ретінде маған түсініп- ақ қарайды- ау?! Бірақ ұлының хәлі мазасын алып жүргендігін жасырмады. Әр барған сайын, мәмілеге келуімізді өтінді. Мен арасында алдап қойып жүрдім. -Мама, уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, - деп. Каникул сайын балдарды Алматыға әкеліп, мамаға көрсетіп те жүрдім.

Енді, ойлашы, өзің депрессиядасың, күйеуің сенен кешірім сұрамайды, барсың ба, жоқсың ба мән бермейді. Ол деген маған қатты ауыр тиді. Өзімше ішімнен сөйлеп қоям ғой, көкіректігін басқа біреуге көрсетсін деп. -Ай, әйелдер ай,- деп ішінен басын шайқап, талай айтқан болып тұр ғой иә?!

Сонда да ол кінәлі мен үшін. (ойым ғой әлгі жерде)

Бір күні, бұлай болмайды деп өзіме көптеген сұрақтар қоя бастадым. Жұмыс қалды жайына. Бала- шаға екі ортада алаңдап жүргенін көрсем де, білдірмеймін ғой әрине. Содан үлкен қызымның біреуі @darinaord менің ойымның дұрыс еместігі жайлы бетіме айтып тастады. -Қалай болғанда да, мен папамдікі дұрыс деймін,- дейді.

Ал оған жата қалып тағы да жылайын.

Вообщем не керек, психологияға солай жәймен келдім ғой.

Әйелдің қалай болуы керек екендігін жәймен түсіне бастадым. Өзімнен кінә іздей бастадым. Алғашында мойындау қиын болды әрине, сосын өзімнен кеткен қателіктердің салдарынан туындаған жайсыздықты түсіндім.

Ол жайында алдыңғы посттарда жазған болатынмын. Балалық шағымның қалай өткені жайлы оқысаңыздар түсінесіздер.

Лидерлік қабілет басым болғаннан деп бір ауыз сөзбен түйіндей салайыншы.

Лидерлікке жолдасым таласып та көрген жоқ, бірақ іштей өзін жегендігін түсіндім.

Иә, ер адамның қабілетін өшіре салу біздің қолымыздан келеді, бір ауыз сөзіміз жеткілікті. Сол бір ауыз жаман сөз өшірсе, бір ауыз жақсы сөз алға ұмтылдыратыны сөзсіз. Бәлкім көп нәрсені саналы түрде жасаған да жоқ шығармын, бірақ менің бар кінәм, авариядан кейін оның әйелі емес, анасына айналып кеткендігім екен. Арада алғашқы баланс солай бұзылды. Содан мен қорғаштап, ауыр көтермесін деп көп жұмысқа шықпауын қаладым, қорғаштау арқылы ұзақ отыратын жұмысқа жарамайтынын ойына сала бердім. Ал соңында , оны қорғаштау арқылы қорқынышты санасына орнатып берген екенмін.

Содан баланс быт- шыт болып бастады. Еркегін қимылдатпай бәріне өзі жүгіретін әйел, жәймен ер мінезділікке ауысады екен. Баяғы нәзік Индира жоқ, бұрынғы жылап аяушылық сезімді оятып алатын Индира жоғалған. Сөйтіп жүріп 15 жыл уақыт өтіп кетіпті. Аяғында кім жаман , Индира жаман болып шыға келдім.

Бір жақсы қасиетімді айтып қояйыншы, қанша өзімдікі дұрыс деп ойласам да, Асекеңмен ұрысып көрмеппін. Ол да маған ұрысып көрмепті. Себебі біз үшін әрқашан сыйластық маңызды болатын.

Әйелдік нәзіктікті, әйелдік орынымды білген сайын, енді неге ажырастым деген ой мазалай бастады. Оны энергия арқылы ол да сезген сияқты.

Жасырып жүрген өмірімді ел алдына шынайы сұхбат беріп, өзімді еркін сезінгендігім де бар. Себебі шынайылықты қабылдап, өзіңнің өмірің үшін, өзің ғана жауапты екендігіңді білгенде ғана ашылады екенсің. Сол интервьюдан соң көп ұзамай- ақ, Асекең мені кешкі асқа шақырды.

Маған да керегі сол еді, бірденен бірге болуымыз керек деп, бір ауыздан мәмілеге келдік.


Әйелдер үшін Бақыттың бір- ақ кілті бар, Күйеуіңіз - жәннатыңыз және бақытыңыз!

Еріңіздің разылығын алдыңыз ба?

Балаларға Ислами тәрбие бердіңіз ба?

Намазға беріксіз бе? Болды, Алла сізден ахиретте басқа ештеңе де сұрамайды.

Алланың қалауымен сіз- Жәннаттықсыз.

Ал ер адамның қандай болуы жайлы келесі постта айтатын боламын.

Асекем менің -Жәннатым!"


Алаш айнасы




Көрілген: 3095    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.11.2019, 22:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31