Жадыра Жұмакүлбай:"Қарды бірінші рет көріп, естерінен таңды ма?"

12 қараша 2019, 11:29

Астана әкімі назарына!!!
Алдыңда көлік жоқ, бірақ жүре алмайсың. Себебі, жолдың оң жағы үйілген қар. Қар жолдың бойында, бардюрде емес. Екі машина емін-еркін сиятын жерден біреуі ғана өте алады. Сосын кептеліс, жұмыстан қалу басталады.
P.S. Кеше көрші Гауһар апай /көлігі жоқ/:
- Қызым екеуіміз жаяу жүреміз көбіне. Қар жауғалы екі күн, тіпті бағдаршамның тұсында да қар үйіліп тұр. Не аттап, не айналып өте алмайсың. Жолда машиналар тығылып тұр.
Сонда не істейміз? Қыс қатты болатынын біледі. Неге ерте қам жасамайды? Әлде қар бірінші рет жауып тұр ма? Қарды бірінші рет көріп, естерінен таңды ма?
#Астанаәкімдігіне
#Қашандамимыз?
@altay_kulginov_official
@akimat_astana_city