Жалаңаштанумен аты шыққан Жолдыбаева хиджап киді

04 қазан 2022, 14:41

Күні кешеге дейін көпшілікке ашық-шашық образымен танылған Алтынай Жолдыбаева енді ерекше болмысымен көзге түсті. Атышулы әнші бұл жолы жабық киініп, тұмшаланып алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Атышулы әншінің хиджаптағы кейпіне әпкесі Кәмшат Жолдыбаева Instagram-да лүпіл басса, танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова мен белгілі визажист Санди Бексырға жағымды пікір білдіріпті.

 

Ал бұрын тек жартылай жалаңаш жүретін кіші Алтынайдың бұл әрекетіне әлеуметтік желідегілердің бір тобы жатырқай қараса, енді бір легі оны мақтап жазба қалдырған.

 

 

"Саған керемет жарасып-ақ тұр", "Намаз оқышы", "Біресе жартылай жалаңаш жүресіз, біресе осылай киініп аласыз. Қолда татуировка, мұны қалай түсінуге болады, не тәрбие бұл?", — деп жазды оқырмандары.

 

 

Айта кетейік, атышулы Жолдыбаевалар осы уақытқа дейін талай мәрте желіні шулатқаны ел есінде.