Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жәния Джуринская бір жасқа толған қызының тұсауын кесті (фото, видео)

19 маусым 2023, 14:21

Актриса Жәния Джуринская қызының бір жасқа толған туған күнін атап өтті. Өнер иесі тұсаукесер рәсімін өткізген сәтті көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Жолың ақ болсын, балам. Дәл осы видеодағыдай еркін бол және өмірің жеңіл болсын. Саған бәрі болады. Анаң мен әкең жаныңда", - деп жазды Жәния Джуринская Instagram парақшасында. 

Видеодан отбасылық мерекеде Софидің тұсауын кескен сәтті көруге болады. Видеодан тұсаукесерге арнайы төселген ақ жолдың екінші жағына кітап, ақша, бет әрлейтін қылқалам мен сөмке қойғанын көруге болады. Ал Софи ақ жолды жүріп өтіп, еш ойланбастан ақшаны таңдайды. 

Желі қолданушылары актрисаның қызына Софиге лебізін жаудырып, бар жақсылықты тіледі. "Керемет отбасы", "Қадамы оң болсын", "Бақытты қыз болып өссін", "Қадамына гүл бітсін", "Жолың ақ болсын", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, 2022 жылдың маусымында алғаш рет ана атанып, қызды болған еді. 

KAZ.NUR.KZ.