Инста-Алаш

Жарас Ниязбек:"Сол үшін халық бай-бақуатты болудан қорқады, оған ұмтылмайды"

  • Жарас Ниязбек:

    Жарас Ниязбек:"Сол үшін халық бай-бақуатты болудан қорқады, оған ұмтылмайды"

Біздің қоғамда әлі де болса дұрыс киініп, қымбат көлік мінген адамға ала көзбен қарау, жақтырмау байқалады. "Өз еңбегімен алды дейсің бе", "Бір байдың баласы шығар", "Қулық-сұмдықпен, алдаумен тапқан ғой", осылай кете береді. Несін жасырайын, ілгеріде солай ойлаушы едім мен де. "15 миллионның көлігін мінгенше 15 адамға арзандау машина алып берсе, қандай керемет!" Болмаса, "осыларда не проблема бар дейсің?" Сөйтсем, оңбай қателескен екенмін. Сәл ес жиып, ескілеу болсын қымбаттау көлік мінген едік, айнала солай қарай бастады. Анық байқадым. Ең қарапайымы: автотұрақтарда қайыр сұраушылар көбейді, көрген бетті жағдайын айтып қасыңа жетіп келеді. Көшеде кетіп бара жатсаң, автобустан рульде отырған саған жақтырмаған көздер қадалатындай. Дәулеттілер - халықты қанаушы, тонаушы, арсыз, тойымсыз, сараң дегенді әбден санаға сіңіріп тастаған екен-ау жылдар бойы. Сол үшін халық бай-бақуатты болудан қорқады, оған ұмтылмайды. Немесе қол жетпестей көрінеді. Бастысы ниет пен әрекет екен! Баршаңыз дәулетті болыңыздар! 




Көрілген: 799    Пікірлер: 0

жұма, 28.02.2020, 09:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31