Дизайнер әрі психолог Құралай Нұрқаділоваға әлеуметтік желі арқылы сезімін білдіретін жас жігіттер көп көрінеді. Ол жеке парақшасына өзіне ер адам жазған ғашықтық хатын жариялапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Құралай өзіне қылмыңдаған жігітпен сөйлескен диалогты желіге жүктепті.
Олардың өзара әңгімесіне зер салсақ, әлгі ер адам Нұрқаділоваға жылы сөздер айтып, сүйіктісінің бар-жоғын сұраған.
Бірақ дизайнер ол кісінің фотоларын көргеннен кейін өзіне ұнамағанын астарлап жеткізіпті.
— Сәлем, сен от екенсің.
— Рахмет!
— Жігітің бар ма?
— Қазір күте тұр, сенің фотоларыңды қарап көрейін... Иә, жігітім бар, — делінген диалогта.
іnstagram.com/kuralaiofficial
Құралай Заманбекқызы бұл постын қыз-келіншектерге берген ақыл-кеңесі екенін айтыпты.
Қыздарға жігітті қалай таңдау керектігі туралы зиянды лайфхак, — деп жазды Нұрқаділова.
Құралайдың әзілі бар бұл жазбасын оқыған қыз-келіншектер түрлі пікір жазған.
"Қатырыпсыз", "Өзіме түртіп алдым", "Әзіліңіз өтті", — деген сынды пікірлер жазылған.