"Жігітіңіз қызғансын десеңіз..." Тележүргізуіші тағы бір лайфхакпен бөлісті

15 мамыр 2022, 12:49

Бұл туралы видеоны ол өзінің TikTok-тағы парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Танымал тележүргізуші қыздарға жігіттерді қызғандырудың жолын айтып берді.

 

Диана Қырықбайдың айтуынша, егер қыз бен жігіт ұзақ уақыттан бері кездесіп жүрсе, ер адам қызғануды қояды. Оған себеп өзара сенім немесе жігітке "оған кім қарайды?" деген ой келуі мүмкін. Тележүргізуші мұның дұрыс емес екенін айтады.

 

Ресторанға барып, тамақтанып, шотты төлеп кетіп бара жатқан кезде жаныңызда отырған адамдардың барлығына күліп қараңыз. Сәті түссе танитын адамдай жылы жүзбен басыңызды изеңіз, — дейді ол.

 

 

Тележүргізуші қажет кезде бұл әдісті өзі де қолданғанын және оның іске асқанын айтады.

 

Желідегілер бұл лайфхакты қос қолдап қолдады. Алайда кейбірі мұны қауіпті әдіс деп санайды.

 

"Қатты қызғанып күліп тұрған жерінен жарқ еткізбесін", "байымыз болса таяқ жейміз ғой", сол жерде басымызды жаратын шығар", — деп жазды желідегілер.