"Жігітпен жүріп өзгерді": Ел Кәмшат Жолдыбаеваның жабық киіне бастағанын байқады

16 тамыз 2022, 11:16

Ашық-шашық образдарымен желіні шулататын Кәмшат Жолдыбаева енді бұл әдетін тоқтатқан сыңайлы. Instagram оқырмандары актрисаның жеке өміріне қатысты тың жаңалық пайда болғалы киіну стилінің өзгергенін байқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мансабын бірінші орынға қойып, тұрмыс құруға асықпаған Жолдыбаева биыл желіні дүр сілкіндіретін секілді. Желі қолданушыларының болжамынша, актрисаның ақ келін атанар күні алыс емес. Қанша жағымсыз пікір естісе де, оңайлықпен елдің айтқанын тыңдай қоймайтын Кәмшат соңғы кездері жабық киінетін болған. Мұны байқаған көпшілік жаңалықты жақсылыққа жорыды. 

"Осы қызды жабық киіндірген жігіттен айналайын. Бастапқы кезде жабық жүретін, ұнайтын. Ашық киінгеннен кейін әні жақсы болса да, түк ұнамай қалды. Қазақ, мұсылман екенін ұмытпасын, Кәмшат", "Дұрыс енді егесі, жолдасы бар. Соның айтқанын істеу керек", "Кәмшаттың жігіті пайда болған сияқты", "Орамал тағатын күнді нәсіп етсін", "Етегің ұзарып кетті ғой. Ол нені білдіреді?" - деп таңданды желі қолданушылары.

Stan.kz