«Жүгеннен босағандар ұятты ұмытады»: Санын жалтыратқан Жұлдызды жұрт сынап жатыр

22 қаңтар 2023, 01:51

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова жұрттың сынына қалды. Бұл жолы ол санын жалтыратып, жұрт сөзіне ермейтінін, тек өз жүрегімен өмір сүретінін мәлімдеген, деп хабарлайды Экспресс К. 

Өмірге деген көзқарасын Қайрат Нұртастың әйелі әлеуметтік парақшасында жазды. Тіпті санын жалтыратқан бірнеше суретін де жүктеп отыр.

«Жұртты емес, өз жүрегіңді тыңдасаң, өзіңе лайық жолға апарады. Ал жұртты тыңдасаң, өзгенің жолымен жүргізеді», — деген жазба қалдырған.

Десе де, оның бұл жазбасы да, киім үлгісі де жұрттың көңіліне жақпады. Олар жаппай ашулы, сыни пікірлерін қалдыруда.

"Сандарыңды жалтыратпасаңдар ешкім көрмейді деп ойлайсыңдар-ау", "Жүгеннен босасаң осы ғой, ұят дегенді ұмытасың". "Әке-шешең, ата-енең бар, саныңды көпке көрсете бермесеңші". "Осы киімді жүз жыл кидіңіз ғой", — деген жазбаларын қалдыруда желідегі жұрт.

Экспресс К.