"Жұғысты болсын". Әнші Жігер Ауыпбаев әкесіне сыйлық жасады

06 маусым 2022, 16:22

Әнші Жігер Ауыпбаев әкесіне көлік сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды. 

"Әкемізге кішігірім сыйлық жасаған едік. Сіздерге де жұғысты болсын. Жақсылықты бөліссең көбейеді дейді ғой", - деп жазды Жігер Ауыпбаев.
 
Әншінің жазбасына қарағанда, ол бұл көлікті уақытша алған. Ауыпбаев әкесі көлік жүргізіп үйренгенге дейін осы көлікпен жүре тұратынын айтты.

"Әзірге көлік жүргізіп үйреніп алғанға дейін 2-3 ай осы көлікпен жүре тұрамыз. Одан кейін тағы да бөлісеміз. Ол кезде көрімдік сұраймыз. Тегін көру жоқ енді", - деп жазды Жігер Ауыпбаев.

Кейінірек әншінің әкесі де әлеуметтік желідегі парақшасында балаларына рақмет айтып, алғысын білдірген.

"Бала-шағамның, қыз-күйеу балаларымның, келіндерімнің арқасында көлікті болып жатырмыз. Алла разы болсын! Рақмет!" - деп жазды әншінің әкесі.

Айта кетейік Жігер Ауыпбаев "Меломен" тобының әншісі ретінде танылған. 2017 жылы Ауыпбаев топтан кеткенін мәлімдеген болатын.

Tengrinews.kz