Жұлдыз Әбдукәрімова екінші рет тұрмысқа шығатынын айтты

17 маусым 2022, 20:14

Жұлдыз Әбдукәрімова екінші мәрте тұрмыс құратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Қайрат пен Жұлдыздың жеке өмірін талқылаған халықтың әңгімесі басылар емес. Күні кеше танымал жұп тағы да ел назарына ілікті.

 

Жұлдыз әлеуметтік желіге шетелде жүрген видеоларын жүктеген. Аталған бейнетаспаға зер салсақ, актриса жалғыз емес, жанында Қайрат Нұртас пен кіші ұлы Хан да бар. Әбдукәрімова саяхаттағы естелігінде Черногориядағы салтанатты кештердің бірін түсіріп, аталмыш елдегі мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру форматы ұнағанын айтқан. Сондай-ақ, жолдасы Қайратты әңгімеге тартып, дәл сол жерде үйлену тойын өткізу туралы идеясымен бөліскен.

 

Жұлдыз: Керемет! Осы жерде үйлену тойын өткізсе, иә?

 

Қайрат: Иә, бірақ дәл бұл жерде емес. Анау тұрған аралда өткіземіз.

 

Жұлдыз: Аралда ма?

 

Қайрат: Иә, біздің 20 баламыз болған кезде сол жерде тойлаймыз.

 

Жұлдыз: Бірақ мен әлі тұрмыста емеспін ғой, — деді бір-біріне Қайрат пен Жұлдыз.

 

 

Алайда, Жұлдыздың "Мен әлі тұрмыста емеспін ғой" деген қалжыңы Қайрат Нұртасқа жақпай қалса керек, видеода танымал әнші келіншегіне ренжіген сыңай танытып, теріс қарап кетіп қалады.

Дәл осы Insta-storis-тің астына Әбдукәрімова екінші мәрте тұрмысқа шығу туралы жазба қалдырған.

 

Екінші рет "иә" дейін бе, "жоқ" дейін бе?, — деп әзілдеді Жұлдыз.