Жүрегін мазалаған арпалыс: Анасы Қайрат Нұртастың сахнада не себепті жылағанын түсіндірді (видео)

07 желтоқсан 2021, 13:51

Қайрат Нұртастың сахнада ән айтып тұрып жылағын сәті желіде тарап кетті. Бұған қатысты әншінің продюсері Гүлзира Айдарбекова пікір жазды.

Қайрат Нұртастың жеке өмірі, қайда жүргені, әншіге қатысты барлық ақпарат соңғы кезде барлық көрерменін қызықтыра түсті. Әнші әйелі Жұлдызбен ажырасты деген қауесет те көп арасында тарап үлгерді. Әншінің сахнада ән айтып тұрып жылаған сәті желіде тез тарады. 

 Видеоны әншінің өзі парақшасында жариялап, біраз уақыт бұрын түсірілген кадр екенін айтып өтті. Ал анасы оның не себепті көз жасына ерік бергенін түсіндіріп көрді. 

“Қайратымның көз жасы не үшін екенін кім түсінді? 1)Халқының өзіне деген махаббаты? 2) Жүрегін мазалаған арпалыс көңілін босатты ма? 3) Өзіне белгісіз тылсым сезім? Ал мені, дәл қазір көріп отырып, баламның бір ауыз “Бәріңіз жарықты қосыңыздаршы” деген сөзіне түгелдей жылулық танытып, түгелдей ұялы телефондарының бірден жарығын қосқан халықтың махаббаты жылатты. Сіздердей жүрегі мейірімге толы халқы бар, балам не деген бақытты еді. Аллаға сансыз шүкір!”, – деп жазды продюсер. 

stan.kz