Инста-Алаш

Қамиша Есмұханбетқызы:"министрлердің шекесінде грамм халықтың қамын ойлайтын миы жоқтығын аңғартты"

  • Қамиша Есмұханбетқызы:

    Қамиша Есмұханбетқызы:"министрлердің шекесінде грамм халықтың қамын ойлайтын миы жоқтығын аңғартты"

Төтенше жарияланған күнен бастап 15 күндей үкіметтің қатаң талабын үйде орындап отырмыз, бұл індет расымен халыққа жақсылық әкелмеді. Қазір індеттің өршіп тұрған кезі, әрі үйде болу шынымен де маңызды. Бірақ министрлердің төтенше жағдайға дайын еместігі, соның арасынша долларды шарықтатып жіберуі, халықты бөліп жарып, араңдатушылыққа жол беруі, 42500теңгені алу үшін адамдарды әбігерлікке салуы министрлердің шекесінде грамм халықтың қамын ойлайтын миы жоқтығын аңғартты. Әрине өздері сол баяғы 900 мыңға жуық айлығын халық пайдасына беріп, бас тартпаған соң, халықтың мұңы кімге керек?!!! Министрлерді қоя беріңізші, депутаттардың тең жартысы зейнеткерлер, абройы жоқ сол баяғы депутаттар, сөйте тұра біз үздік ел қатарында боламыз деген бос әпсанаға айналмақ, шет елде зейнеткерлер үкіметке тегін қызмет етіп, бар болғаны зейнет аққысымен күн көреді, ал бізде ше? Менімше зейнеткеркер депутаттар үкіметтен айлық аққы алып ғана қоймай, зейнет аққысын да қоса алуы мүмкін. Президентіміз мұндай бірінші класс мектеп министрлерімен, абройсыз депутаттардың арқасында әлемдік дағдарысты асып өту екі талай. Біз халық жан ашыры ретінде, халықтың ертеңі бұлынғыр болмау үшін батырып айтуға тура келеді, халықтың ертеңі жарқын болуы тиіс. Қашанғы халықтың деңгейі төмендеп, қол жайдырып, Қытайды құдай көруді доғарасыздар. Ат жақсысын мақта, адам жақсысын жақта дейтін дана халқымыз, Президенттің бүгінгі таңда халық үніне құлақ салып, кейбір мәселелерге өзгеріс енгізіп, салмақты тыңдай білетін қабілетін мақтаудан артық жақсылық болмай тұр. Халықтың кепілі Президентіміз жағдайымызды өз күшімізбен жақсартуды көздеу қажет, әйтпесе өмір бақи былықтан құтыла алмайтынымыз анық, өзге жұрттың басына қиындық түскен сәтте, жан жаққа гумантиралық көмек беріп, жеме жемге келгенде жұрттан ұятты қойып көмек сұрап жүрміз. Бұл не қылық? О баста бюджетті бөлгенде қаржы министрі не ойлады? айта берсек сын көп, осыларды ескеріп ой елегінен өткізіп, үкімет халықтың әлаухатын ескеріп тағы да дұрыс шешім қарастырса деген тілек бар.

PS: Айналайын халқым жаман балағат комментариялар жазуға тиым саламын. Әр бір сыныңыз дұрыс көз қарасты қалыптастыруға бағытталған болу керек. 




Көрілген: 2314    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31