Қара хиджапқа оранған Жолдыбаева дінге бет бұрғанын айтты

Қара хиджапқа оранған Жолдыбаева дінге бет бұрғанын айтты

Әнші Алтынай Жолдыбаева соңғы уақытта дінге құштар екенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Ол соңғы жылдары жауапты шешімдер қыбылдап, өмірінде маңызды қадамдар жасаған көрінеді.

 

Парақшамдағы оқырмандар былай тұрсын, жеке танитын жандардың біразы менің дінге деген құштарлығыма таңғалып жатыр. Иә, бұл – өмір және ол сондай. Мен бүгінгі күні аспаннан салбырап түскен жоқпын. Кезіндегі Алтынайды есіме алсам, ол ханымның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін құбылыстар – оның бүгінгі таңдауы және өмірі. Қызық, иә?

 

Артыма бұрылып қарасам, өкінетін іс-әрекеттер аз емес. Мен ешқашан ақымақ болған емеспін, шүкір. Әке-шешем маған тәрбие бере білді. Кәмелет жасқа толғанда «что-то пошло не так». Содан беталды батыстың мәдениетіне қатты еліктедім. Анашым қазақтың салт-дәстүрі, тәрбиесі, құндылықтары туралы көп айтатын, айтып та келеді. Кезінде оны түсінгісі келмей мұрнын шүйіретін Алтынай, міне бүгін өз ұлтының мәдениетіне шынайы ғашық, – деп жазған әнші.

 

Алтынай Жолдыбаеваның бұл қадамын қуанышпен қабылдап жатқан оқырмандары аз емес.

 

«Алла адастырмайтын тура жолына салып, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!», «Сіз үшін өте қуаныштымын! Аллахым салиқалы үмбеттерінен етсін. Қандай кейіпте болсаңыз да сұлусыз», «Жарайсың!», «ма Ша Аллах», - деп жазып жатыр желі оқырмандары.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста