Инста-Алаш

Қарагөз Сүлейменова "жақсы әйел" болудың құпиясымен бөлісті

  • Қарагөз Сүлейменова

    Қарагөз Сүлейменова "жақсы әйел" болудың құпиясымен бөлісті

 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тележүргізуші, аңыз Досхан Жолжақсыновтың жары Қарагөз Сүлейменова "жақсы әйел" болудың құпиясымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қарагөз Сүлейменова өзінің Instagram парақшасында жақсы әйел болудың алғышарттарын атады.

Тележүргізушінің айтуынша, төменде жазылған 10 ережені ұстансаңыз сіз "ең жақсы әйел" боласыз.

"1. Жан дүниеңізді байытыңыз.

Жеңіл сөз, өсектен аулақ болып, кеудеңізді жақсылықпен толтырыңыз.Бірінші өзіңіздің жақсы адам болуыңыз маңызды. ⠀ 2. Күйеуіңізді сыйлаңыз. ⠀ Алланың разылығын күйеуіңіздің разылығынан табасыз. Ер адамға дауыс көтеріп, төмендетіп, еркектік намысына тиіп отбасылық бақытқа ешқашан жете алмайсыз. ⠀ 3. Күйеуіңізге үнемі қолдау көрсетіңіз. ⠀ Әйелі ғана емес сырлас досы, ақылшысы әрі жанашыры болыңыз. ⠀ 4. Әдемі болып жүріңіз. ⠀ Өз-өзіңізге көңіл бөліп, әйелге тән нәзіктігіңіз бен сұлулығыңызды жоғалтып алмаңыз. ⠀ 5. Шүкіршілік етіңіз. ⠀ Күйеудің тапқан табысын үнемі, "жоқ" қыла бермей, жеткізіп жаратуды үйреніңіз. Алланың берген ризық-несібесіне шүкіршілік еткенде ғана жағдайыңыз жақсарады. ⠀ 6. Күлімдеп жүріңіз. ⠀ Үнемі күлімдеп жүруге тырысу керек. Жұмыстан шаршап келген жарыңызды жылы жүзбен қарсы алыңыз. ⠀ 7. Үй шаруасына ұқыпты болыңыз. ⠀ Таза үй, дәмді ас пен тап-тұйнақтай балалар үйдің берекесін кіргізеді. ⠀ 8. Ашуға жол бермеңіз. ⠀ Барынша ұрыс-керіске жол бермеуге тырысыңыз. Қазақта беті ашылып кеткен деген сөз бар. Содан сақ болыңыз. Арада сыйластық жоғалады. ⠀ 9. Кешірімді болыңыз. ⠀ Болмашы нәрсеге ренжіп, оны айлап, жылдап ішіңізде "жинап" жүрмеңіз. Ретін тауып күйеуіңізбен ашық сөйлесіп көріңіз. ⠀ 10. Қайын жұртыңызбен тату болыңыз. ⠀ Кейбір отбасылардағы ұрыс-керіс "менің анам, сенің анаң" дегеннен туындайды. Сондықтан ата-енеңізді, аға, әпкелеріңізді сыйласаңыз, Жарыңыз күндердің күні оны міндетті түрде көреді", - деді Сүлейменова.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 1819    Пікірлер: 0

жұма, 03.01.2020, 14:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30