Инста-Алаш

Қарақат:"Өз тілін өз қазағына мойындатып, сөйлете алмаған бұл қазағымның ертеңгі күні не болмақ?!"

  • Қарақат:

    Қарақат:"Өз тілін өз қазағына мойындатып, сөйлете алмаған бұл қазағымның ертеңгі күні не болмақ?!"

ҚАЙЫРЛЫ КЕШ, ЖАҚСЫ АДАМДАРЫМ, ПАТША АДАМДАРЫМ!

Кезсем де әлем қаншама, елдерді көрдік біршама, алайда оның барлығы, даласы құнан жайылған, жусанның иісі аңқыған, тау қыраты топырағы, қазақтығымды дарытқан, туған елден артық деп ойлама. "Елім" деген сөз әнмен болсын, сөзбен болсын, іспен болсын жүректен шықпаса ол халықтың жүрегіне жетпейді.

Әуелден, мейлі ол Түркия болсын, мейлі Жапония болсын ол елдердің кей артық тұстарын айтқанда ондағы мақсат "Елім" де осындай болса екен деген ниет емес пе?! Жақсыны көрмекке, ғибрат қып ойға ілмекке дейді. Бір ғана мысал, егер сіз мұнда мектеп, кәсіп, шаруа ашқыңыз келсе 1 қазақты жұмысқа алу үшін 5 түрікті жұмыспен қамтуыңыз керек екен. Және ең аз дегенде теңгемен шаққанда 100 000 айлық төлеуіңіз қажет. Бұл не деген заң, бұл не деген өз халқын құрметтеу және шетелдіктерге құрметтеткізу. Осы 1 заңнан ғана мемлекеттің өз халқын шынайы сүйетіндігін, заңының қарапайым халықтың игілігіне жұмыс жасайтынын аңғаруға болады.

Өз ұлтына, тіліне, туына деген құрмет барлық жерден байқалады. Әр тауының шыңында, парктерінде, көшелерінде тулары ілулі. Келген кісі "Еее, бұл жердің иесі түріктер екен ғой, шаңыраққа қарап жүрейік" деген ойда болатыны анық. Осыны көргенде көк байрағымның қадірі әлем алдында масқараланғанын көріп ішің қан жылайды емес пе?! Өз тілін өз қазағына мойындатып, сөйлете алмаған бұл қазағымның ертеңгі күні не болмақ?!

Көшеде мас болып құлап жатқан немесе отбасын асырай алмай жүрген бір де бір түрік көрмейсің. Барлығы шетінен бизнесмен, бастық, кәсіпкер, әйтеуір қайда жұмыс жасаса да айлығы өздеріне жеткілікті астында көлігі, жылы үйі бар, апта соңында теңізде, тауда демалып жүрген халық.

Барды бар деп айтпасақ, одан ғибрат алмасақ қалай өсеміз?! Бұл күндері кей "жоқ нәрселерді" де амалсыздан "бар" деп айтып жүрген жоқпыз ба.?!

Өз-өзімізді көтермесек сырттан ешкім келіп бізді көтермейді. Ешкім келіп жыртығымызды жамап, құлағанымызды тұрғызбайды. Жақсылық пен жаңалыққа ұмтылып, жамандық пен пайдасыз дүниеден тиылып, бір-бірімізді бағалап, қазақ қазақты көтермелесе ғана өсеміз. "Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос" деп Абай атамыз бір ауыз сөзбен айтып кетіпті.

Қазағыма деген шексіз Құрметпен




Көрілген: 3017    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 15:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31