Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Қайда барарымды білмеймін": Дариға Бадықова жанайқайын айтты

26 шілде 2022, 16:37

Актриса Дариға Бадықова бүгінде отандық бағдарламаларға көңілі толмай жүргенін ашық айтты. Өнер иесі шығармашылығында болып жатқан жаңалықтарын қайда бөлісерін білмей қалғанын жеткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Дариға Бадықова бағдарламаларға қатысып, ауқымды сұхбат бергісі келетінін алға тартты. Алайда актриса қазіргі уақытта көңілінен шығып жатқан бағдарлама таба алар емес. Бұл жайлы ол өзінің Instagram парақшасында айтты.

 

"Қайда барарымды білмеймін. Осы қара көйлекті бәрі ұнатып жатыр. Енді осыны киіп баратын күшті бір шоу программа болса ғой! Тек шоуды жүргізе алатын әзілі мықты жүргізуші болса.⠀ Келген қонаққа қазан ошақтың төңірегінде сұрақ қоймай, өсек-аяңды сұрап кетпей, шоуға сай, ішкі еркіндігі бар, қонақтың мамандығы бойынша, сұрақтың астаң-кестеңін шығарып, күлкіге толы астарлы әзілдермен, сұрақ қоя алатын, бір бағдарлама болса шіркін ай! Бізде бағдарламалар бар ғой дерсіз, бірақ жүргізушілердің ішкі еркіндікі жоқ, қатып қалған ауырлық сезіледі.

 

 

Қазір істеп жатқан дүниелерімізді көрерменмен бөлісе алмай қалдық. Кезінде әйтеуір "Түңгі студияға" барып бөлісіп қайтушы едік. Орыстардың "Привет Андрей", "Вечерний Ургантын" көріп қызығып кетемін. Бізде неге осындай жоқ деп. Өзіміз өнерде жүргеннен кейін, кейде шоу программа жүргізгің келеді. Ұсыныпта көрдік! Түрлі синопсистар өткіздік. Білмеймін, алмайды. Әртіс ретінде динамикасы мықты шоу программаға барғым келеді. Телевиденияның құдыреті басқа", - деп жазды ол.