Қайрат Нұртас пен Жұлдыздың жаңа клипі қызу талқыға түсті

17 мамыр 2022, 13:36

Әнші Қайрат Нұртас су жаңа әніне түсірілген клип тизерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үзіндіден ән махаббат туралы екенін аңғаруға болады. Бейнебаянға әншінің жары Жұлдыз Абдукаримова түскен. Кадрларда Қайрат пен Жұлдыз бақытты жұп. Ал клиптің өзі шабындық жерде түсірілген.  

Әншінің жанкүйерлері бейнебаянмен қатар, оған Жұлдыз түскеніне қуанып жатыр. 

"Сіздер үшін өте қуаныштымын", "Урааааааа!", "Бақытты болыңдар", "Аллам мәңгі бірге болуды жазсын", "Қайрош, осылай салып тұрсаңшы Джулиді", "Әйтеуір салды ғой", "Керемет жұп", - дейді олар.

"Отбасыңызда береке, жақсылық, қуаныш болсын, махаббаттарыңыз берік болсын, араларыңыздан сыйластык кетпесін", - деп ақ тілегін білдіргендер де жоқ емес. 
 
"Бұл не фильм" деп сұраған адам да табылды.

Жұлдыз Абдукаримова да осы клипте түсірілген кадрлары бар видео жүктеді. Онда актриса өлең оқиды. 

"Мені күткен бір бақыт бар сияқты, ерте жеткім келеді...", - деп жазған ол Instagram-да.
Бұл өлең жолдары видеода айтылады. 

Tengrinews.kz