Инста-Алаш

Қазақстандық ару Сингапурда өткен сән байқауында бас жүлдені иеленді (фото)

  • Tengrinews.kz

    Tengrinews.kz

Қазақстандық 17 жастағы Гүлбану Мадиярова Сингапурда өткен Miss Heritage International 2019 халықаралық сұлулық байқауында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Байқауда қыз бала Орталық Азия намысын қорғады. Осы жеңістің арқасында Гүлбану Шығыс Азиядағы қайырымдылық жобаларына қатысуға мүмкіндік алады, сондай-ақ ол әр түрлі мемлекеттерде өткен халықаралық байқаулардың марапаттау рәсіміне қатысады. Бас жүлдеден бөлек, қазақстандық қыз Miss Face of Ambassador Heritage 2019 атағын иеленді. Жарыстың бірінші күні алматылық колледждің студенті Miss Ethnic Heritage 2019 атағына лайықты болды.




Гүлбану Мадиярова Алматыдағы "Қайнар" колледжінде экономист мамандығы бойынша білім алып жатыр. Сұлулық байқауларында ол 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол Моңғолияда өткен Face of Beauty International 2016 байқауында Қазақстан атынан шықты.




Финалда үздіктер қатарында тағы бір қазақстандық қыз болды - 18 жастағы Балнұр Әлімқалиева. Байқауда ол Қазақстанның атынан өнер көрсетті. Қыз бала Miss Personality Heritage International 2019 номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, ол байқау барысында Best Body номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.




Қыз бала Алматыдағы Чайковский атындағы колледжде үшінші курста оқиды. Актерлік шеберлік, ән салу, фортепианода және гитарада ойнайды.




Екінші орында Филиппин өкілі, ал үшінші орынды Кения сұлуы жеңіп алды.




 




Көрілген: 2291    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.02.2019, 13:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30