Инста-Алаш

КешYou-дің экс-әншісі күйеуінің опасыздығы жайлы ашық айтты

  • КешYou-дің экс-әншісі күйеуінің опасыздығы жайлы ашық айтты

    КешYou-дің экс-әншісі күйеуінің опасыздығы жайлы ашық айтты

"Некем сәтсіз болған сияқты" деп жұртты алаңдатқан Элизат Берікова отбасылық өміріне қатысты құпияның шетін ашты. Айтуынша, күйеуі өзге әйелдің соңынан кеткен. Бірер жыл бұрын ғана отбасын құрған жұптың шаңырағы шайқалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

КешYou-дің бұрынғы әншісі соңғы кездері уайымға салынып жүргенін жасырмайды. Мұны Элизатты көрген таныстары да бірден байқаған. 

 
"Уайым адамды қатты жеп қояды екен, өзімнен көріп отырмын! Мені танитын адамдардың бірінші сұрағы: “Неге соншама арықтап кеткенсің?!” Мен әдейі тамақ жемей арықтаған жоқпын. Денсаулығымды құртып әдемі болмай-ақ қойдым! Керісінше қайтадан денсаулығымды орнына келтіре алмай жүрмін!

Бірінші балама аяғым ауыр кезде, 6 айда аппендицит болдым! 2 баламда да кесарево болды. Одан кейін тағы мини операция, 2 жылда 4 наркоз! Ешкімнің басына салмасын. 

Наркоздың әсерлерін білесіздер, қатты ұмытшақ болады екенсің. Мен бұрын 1 әнді бір түнде жаттап алатынмын, қазір нені қайда қойғанымды ұмытып қаламын. 2 эпидуралкадан кейін, манты түйгенде, ыдыс жуғанда үндемей-ақ қояйын. Жасың болса 27-де", - деді Элизат.

Өнер иесі денсаулығын қалпына келтіре алмай, балаларымен, жеке бизнесімен әлек болып жүргенде, жан жолдасы басқа әйелдің соңынан кеткен көрінеді. 

"Қолда бар да алтынның қадірі жоқ! Қазір балалар кішкене өсті, мен есімді жинадым, кәсібімді аштым. Әп-әдемі 2 баласы бар, мендей қызды қайдан табар екенсің? Далада жүрген қыздың артынан жүремін деп, үйіңде күтіп отырған семьяңнан айырылып қалдың ғой!" - деп жазды ол Instagram-да.

Айта кетейік, Элизат Берікова 2018 жылы Жәнібек есімді азаматпен отбасын құрды. Екеуінің екі ұлы өсіп келеді.​​​​​​​

Stan.kz




Көрілген: 934    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.09.2021, 15:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30