Инста-Алаш

Кейбірі әйелінен қорқатынын мойындады

  • Кейбірі әйелінен қорқатынын мойындады

    Кейбірі әйелінен қорқатынын мойындады

Шашын менен бұрын сыпыртқан жігіттер бар ғой (осы жерде). Көптен бері қысқартпаған соң ба, жоқ карантин қатты әсер етті ме, білмеймін, басымды жылтыратқым келді. Шашымның үкіметтегі ақылды жігіттер сияқты азайып қалғанын селфилерімнен байқап жүрсіздер ғой. Шаштараздың қажеті білінбеді де... Айнаға қарап отырып, біраз бөлігін өзім қыйқалап тастадым (қайшымен). Қол жетпейтін тұсына үйдегілер көмектесті. Ары қарай станок кетті дегендей... Үш күн болды, қауашағымның үстіңгі бөлігін сақал қырғандай қылып (күн сайын) сыпырып тастап жүрмін.

Дос-таныстың біразына ұсыныс- смс жіберіп үлгердім (“еліміздің болашағы үшін басымыздағы артық заттарды сыпырып тастап, тезірек өзгеріс бастайық” деген сарындағы қырт әңгіме ғой)

Кейбірі күлді де қойды, кейбірі әйелінен қорқатынын мойындады. Оншақты “батыр” тақырбастанып та үлгерді. Олардың “лысыйленген” бейнесі шабыттандырып жіберді ау деймін, тағы біраз жігітке ұсыныс жазып үлгердім (жазатын несі бар, шаблон ғой, адамның атын ауыстыр да жібере бер). Қатты қызып кетсем керек, басының “шөлейттенгеніне” біраз жыл болып қалған мәжіліскер інім Берік Дүйсембинов мен селфишіл құрбым Айгүл Мүкейге де байқамастан смс кетіп қалыпты. Депутат жоғары жақта “ораққа ілігетін” ештеңе қалмағанын білдіргісі келсе керек, “экологиялық аймағының” суретін вацаппен жіберіпті. Айгүл ұсынысыма түсіністікпен қарайтынын білдіргенмен, селфилерге қажетті реквизиттен бас тарта алмайтынын жазыпты.
Соңғы екеуіне ұсыныс-смстің кездейсоқ кетіп қалғанын айттым ғой, жаңа... Жауап бермедім. Секең ренжіп қалады ау деп уайымдасын да.... (біраз...) 

Серік Аббас-Шах инстаграм парақшасынан




Көрілген: 654    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.04.2020, 09:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31