Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Кейде нәпсімді тиюым қиын - Алтынай Жолдыбаева

21 желтоқсан 2022, 15:37

Әнші, актриса Алтынай Жолдыбаева әлеуметтік желідегі оқырманының "Хиджабты неге шешіп тастадыңыз?" деген сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, хиджабқа әлі толық келіп үлгермеген. Мекке қаласында жүріп, сол жақтың тәртібіне сәйкес орамал таққан. Фотоларын желіге жүктегеннен кейін көпшілік оны "хиджабқа келді" деп топшылаған.

 

 

 

"Терең үңілетін болсақ, жалпы әйел адам жабық киініп, орамал тағып жүргені міндет. Қазіргі іштегі өзгерістерім жабық киімді ұнатып үлгерді. Бұл менің кішігірім жеңісім. Бәрі өзінің уақытымен", - дейді Алтынай Жолдыбаева.

 

Сондай-ақ, оқырмандар "кейбір видеоларын желіден неліктен өшіргені" туралы сұраған.

 

"Шынымды айтайын, кейде нәпсімді тиюым қиын. Онымен әрі қарай да жұмыс істей беремін. "Ағзубиллях" менің әлсіз тұстарымды біледі. Мені немен азғыру керектігін біледі. Кейбір дүниелерді жария еткеннен кейін ақымақ әрекеттерім үшін басыма неше түрлі ақталулар келеді. Сонан кейін іштей қарсылық пайда болады", - деген.