"Қой бағып, барахолкасынан киім алдым": Ләйлә Сұлтанқызы Шымкентте өткен жастық шағын еске алды

21 маусым 2022, 11:09

Ләйлә Сұлтанқызы Шымкентте өткен жастық шағын еске алды. Тележүргізуші кезінде қой баққанын айтып, көпшілікті таңғалдырды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тележұлдыз шымкенттіктерді қала күнімен құттықтап, сонда қалған естеліктерімен бөлісті. 

"Шымкентім ол кезде Чимкент, облцентр ЮКО еді. Роща роддомында дүниеге келіп, 112-де мектепке барып, Қайтпаста қой бағып, cтадионда Сары Әулиенің еміне барып, барахолкасынан киім алып, 47-нің қызыл аттестатын қолға алып, Шымкенттен кеткеніме тура 28 жыл болыпты.
Бүгін қала күні тойлануда. Мереке құтты болсын жерлестерім", - деп жазды ол желідегі парақшасында.