"Көз тиеді": Ішін жалағаштаған Жания Джуринская өзін айыптағандарға жауап берді

12 мамыр 2022, 13:04

Аяғы ауыр Жания Джуринская ішін жалаңаштағаны үшін жиі сынға ілігеді. "Көз тиеді, сөз тиеді, ұят болады". Жұрттың айтатын ескертпесі осы. Алайда актрисаның өзі нанымдарға сенбейді, Джуринская себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менде бір сұрақ бар. Неге тек ТМД-да тұратын халықтарға көз тиеді? Мысалы, екіқабат Рианнаға ешкімнің көзі өтпейді, ал егер мен ішімді жаппасам, маған тиеді. 
Менің пікірім: кім сенсе, соған көз тиеді. Сіздер сол ойға энергия беріп, өздеріңізге шақырасыздар. Сондықтан да жақсы ойлап, жақсы сөйлеген маңызды

Егер миыңызға "көз тиеді" деген ұстанымды құйып алсаңыз, міндетті түрде солай болады, сосын ауырасыз. Ол аздай, көршіңіздің Зәуре атты балгерге барғанын міндетті түрде естисіз. Өйткені тіл-көзге сеніп, бейсаналы түрде миыңызға "мен сенемін, адамдар маған соны дәлелдесін" деп команда бересіз. Сіз өз ойыңызбен айналаңызды және ондағы адамдарды өзгерте аласыз. Көз тиюге сену-сенбеу тек қана сіздің таңдауыңыз", - деп жазба қалдырды Джуринская.