Инста-Алаш

ҚР Президенттігіне бірінші кандидат тіркелді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР ОСК хатшысы Сәбила Мұстафинаның атап өтуінше, Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54 және 55-бабына сәйкес тиісті құжаттарын өткізген.


«2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы жобасы дайындалды. Қаулы жобасында келесі мәселелер қарастырылған: Қ.К.Тоқаев 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ҚР Президентіне кандидат ретінде тіркелсін. Президентке кандидат Қ.К.Тоқаевқа тиісті куәлік берілсін. Қ.К.Тоқаев арнаулы уақытша шотты ашу үшін «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ-на президенттікке кандидат болып тіркелгені туралы мәліметтер ұсынылсын. БАҚ-та Қ.К.Тоқаевтың ҚР Президенттігіне кандидат болып тіркелгені туралы хабар жариялансын», - деді С.Мұстафина.


ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қаулы жобасына дауыс беріп, ол бірауыздан қабылданды.


Осыдан кейін ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарында болуына байланысты тиісті куәлікті оның сенімді өкілі «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа табыс етті.


 




Көрілген: 2412    Пікірлер: 0

жұма, 03.05.2019, 16:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31