Инста-Алаш

ҚР Президенттігіне үміткер Д.М. Еспаеваның республикалық штабы науқан аясында Жамбыл облысында болды

  • © «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалы

    © «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалы

2019 жыл 4 маусымда Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Д.М. Еспаеваның сенімді өкілдері А.Т. Перуашев, Б.О. Өтепбаев, А.А. Қошмамбетов және облыстық партия ұйымының белсенділері Жамбыл облысында бірқатар кездесу өткізді.



Алғашқы кездесу Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы Мәдениет үйінде сайлаушылардың белсенді қатысуымен өтті.



Сенімді өкілдерге әлеуметтік, зейнетақы, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы және халықты жұмыспен қамту салалары бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Кездесу барысында Д.М. Еспаеваның өмірі мен қызметіне қызығушылық танытылды.



Бұдан кейін респуликалық штаб өкілдері «Қостөбе» ауылында шағын бизнес өкілдері мен шаруа қожалықтар өкілдерімен кездесуде болды. Кездесу «Қостөбе» ауылдық округының әкімшілік ғимаратының конференц залында өтті. Сенімді өкілдерге мемлекет тарапынан ауыл шарушылығымен айналысатын кәсіпкерлерге берілетін субсидия мен несиелер мәселелері бойынша көптеген сұрақтар қойылды.



Келесі бір үгіт кездесу Тараз қаласындағы «Қошмамбетов и К» ЖШС-і мекемесінің конференц залында Тараз қаласының ірі, орта және шағын кәсіпкерлерімен өтті. Азат Тұрлыбекұлы Парламент Мәжілісінде «Ақ жол» фракциясы депутаттарының атқарған жұмыстарына қысқаша шолу жасап, Президенттікке үміткер Еспаева Дания Мәдиқызының сайлау алды бағдарламасын түсіндіріп айтып өтті.



ҚР Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның сайлауалды үгіт науқаны жалғасуда.


«Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалы

4 маусым 2019 жыл  




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.06.2019, 10:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30